Үш жеңімпаз ел біріншілігіне барады

10-12 қаңтар күндері аралығында Атырау қаласында самбо күресінен 2001-2002 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында облыс біріншілігі болып өтті.

Қазақстан чемпионатына іріктеу болып табылатын бұл жарысқа «БАРЫС» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірттері қатысып, аудан абыройын асырып қайтты. Атап айтар болсақ, 52 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеген Абылайхан Мейрамбекұлы, 81 келі салмақта күрескен Ерасыл Құбаханов сондай-ақ, қыздар арасында 75 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұржауса Боришова 1-орындарға ие болып, алда өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Жеңімпаздарымыздың жаттықтырушысы - Айтөре Серікболов. Естеріңізге сала кетейік, чемпионат жеңімпаздарының бірі Абылайхан Мейрамбекұлы жыл қорытындысы бойынша «Жылдың үздік спортшысы» атанған болатын.

С.БЕРІКБАЙ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT