Зинеден ауылындағы жалпы білім беретін Ю.Гагарин атындағы орта мектепте «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай, жазғы мектепте оқитын 5-6 және 7-8 сынып оқушылары арасында шахматтан турнир ұйымдастырылды.
Турнирдің мақсаты - ежелден ақыл-ой спорты саналған шахмат ойынын оқушылар арасында кеңінен насихаттау, логикалық, стратегиялық ойлау шеберлігін шыңдау және қиялын дамыту.
Мектебімізде соңғы жылдары осы зияткерлік ойынға деген оқушылардың қызығушылығы артып келеді. Мектепішілік турнирге өз ықыласымен 15 оқушы қатысып, өзара бақ сынасты.
Нәтижесінде, 5-6 сыныптар бойынша Ерқанат Жәнібек I, Ибраһим Хазитұлы II, Нұрғиса Ғаділбек III орынға қол жеткізсе, 7-8 сыныптар бойынша Серік Айбат I, Мансұр Мұратбай II, Үкілісағыныш Ахмет III орынды иеленді.
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Нұрлан МҰРАТ,
Ю.Гагарин атындағы орта мектеп
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары