Шәкірті - жүлдегер, бапкері - «Үздік төреші»

Мамыр айының 20-22 күндері аралығында Ақтөбе қаласында қазақ күресінен «Балуан Шолақ» спорт клубының ашық турнирі болып өтті.

2009-2010 және 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен 900-ге жуық балғын палуандар қатысып, боз кілемнің төрінде үздіктерді айқындады. Үш күнге созылған тартысты турнирдің нәтижесінде Исатай БЖСМ қазақ күресі бөлімінің шәкірті Есетұлы Ибрахим 32 келі салмақ дәрежесінде бес кездесу өткізіп, қола медальге қол жеткізді.

dsaads

Сондай-ақ Ибрахимнің жаттықтырушысы Лесов Азаматтың турнир аясында «Ең үздік төреші» номинациясын жеңіп алғаны да ауданымыздың мерейі тасығанының бір көрінісіндей десек әсте жаңылыспаған болар едік.

Жеңісті күндеріміз көп болсын, жерлестер!

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521