МИЛАН. KAZINFORM — Қазақстандық спортшы Денис Никиша Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының жартылай финалына жолдама алды.
Ерлер арасында 500 метрге жүгіру сынында Денис Никиша және Абзал Әжіғалиев жарыс жолына шықты.
шорт-трек
Бірінші топта Денис 40.562 секунд уақытымен мәреге үшінші жетті. Алайда, отандасымыз уақыт көрсеткіші жағынан жартылай финалға лайық деп танылды.
Ал Абзал төртінші топта өнер көрсетіп, соңғы айналымда қарсыластарына жол беріп, 41.594 секунд нәтижесімен келесі кезеңге өте алмады.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан жекелей сында жарыс жолын аяқтады.
Сондай-ақ, америкалық танымал рэпер Снуп Догг мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты құттықтады.



