Швейцарияға шамасы жетпеді, Неймарларға не болған?

Әлем чемпионатының "Е" тобындағы Бразилия мен Швейцария құрамалары арасындағы ойын тең есеппен аяқталды.

Ростовта өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Бұны, әрине, жанкүйерлер күткен жоқ. Көпшілік Неймарлардың жеңісіне күмән келтірмеген-ді. Алайда, жасыл алаңда ойын басқаша өрбіді. Пентакампеондар сапынан 20 минутта Филиппе Коутиньо гол соқты. Оның алыстан шиіре тепкен добын швецариялық қақпашы Янн Зоммер қайтара алмады.

Екінші таймда Швейцария құрамасы есепті теңестіріп, тең нәтижені сақтап қалды. Бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жеткен Стивен Цувер таразы басын теңестіре білді. Сөйтіп мундиальдің алғашқы сенсациялары тіркеле бастады. Енді не болар екен?

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521