Солтүстіктен жеткен сүйінші хабар!

Петропавл қаласында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы спартакиаданың республикалық кезеңі өз мәресіне жетті.

Футбол, волейбол, үстел теннисі, жүзу, тоғызқұмалақ және қазақ күресі. Дүбірлі додада еліміздің 16 өңірінен келген 700-ге жуық мемлекеттік қызметшілер дәл осы спорт түрлерінен сынға түсті. Үш күнге созылған спартакиаданың нәтижесінде, облыс құрамасы тоғызқұмалақ спорты бойынша жалпы есепте үшінші орынды жеңіп алды.

4

Өз кезегінде құраманың сапында өнер көрсеткен Исатай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрберген Өтегенов ерлер арасында қола жүлдені еншіледі және «ең үздік ойыны» үшін арнайы марапатпен ұлықталды. Осылайша, жыл сайын спорттық ойынның бұл түрінен құр қол қайтпайтын бөлім басшысы бұл жолы да өзінің мықтылығын танытып, аудан, қала берді облысымыздың мерейін тасытты. 

0

Сондай-ақ облыс құрамасы жалпы есептік көрсеткіш бойынша 16 өңірдің ішінен 5-ші орынға табан тіреді. Бұл облыс тарихында бұрын-соңды болмаған нәтиже. 

Барша атыраулықтарды және жерлесіміз Нұрберген Өтегеновті кезекті жетістігімен құттықтаймыз!

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT