Спорт мамандары марапатталды

Атырау қаласында Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастырыуымен халықаралық спорт күні мекесіне арналған салтанатты жиын өткен болатын.

Аталған шарада облысымыздың спортын дамытуға үлес қосып жүрген бір топ жерлестеріміз марапатталды. Атап айтар болсақ, аудандық білім бөлімінің әдіскері Мырзахмет Ғұбашев пен Абай атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Тауфиx Түсіпқалиев ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесін дамыту орталығының Құрмет грамотасымен марапатталса, «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру-даярлық клубының директоры Асхат Жұмабеков Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының Алғыс хатын иеленді.

Ал, Х.Нәубетов атындағы орта мектептің мұғалімі Руслан Торғаев облыстық мәслихаттың Алғыс хатын алды. Сондай-ақ, спортты мектеп оқушыларына ғана емес, ауыл жастарына да кеңінен насихаттап жүрген жас ұстаз Ерлан Құрманғалиев облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен ұлығланды. Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы облыстық филиалының Алғыс хатымен марапатталған Абай атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Гүлмира Оралбекованың да аймақ спортын ілгерілету жолындағы еңбегі ескерілді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521