Спортшыларымызға сәттілік жолдас болсын!

Бүгінгі күні «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМКК-ның бұқаралық-спорттық, республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес 15-28 ақпан аралығында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының кадеттер құрамасына алдағы өтетін Халықаралық жарыстардың алдындағы техникалық-тактикалық және арнайы дене дайындығы бойынша оқу жаттығу жиыны өтуде.

Осы жиынға аудандық "БАРЫС" балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірті Ерболат Нұрсәт және жаттықтырушы Таукен Равиль қатысуда. Аталған сайыста аудан намысын қорғап, боз кілемге шыққан спортшыларымызға сәттілік жолдас болсын деп тілек айтамыз.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521