Спорттық нысандарды аралады

Жақында республикалық Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дерекциясының бастығы Елсияр Қанағатов іссапармен ауданымызда болды.

Аудандағы олимпиадалық спорт түрлерінің даму қарқынын біліп, саладағы жалпы ахуалмен танысуды мақсат қылған басшы спорттық нысандарды аралады. Өркен ауылындағы жұмысы аяқтала келген денешынықтыру және спорт кешенінің құрылысымен танысып, нысанға оң баға берген ол орталық стадионда да болды. Айта кетейік, бұл стадион - өзге аудандармен салыстырғанда талапқа сай келетін, арнайы көрермендер орны бар футбол алаңы. Білгеніміздей, Аққыстау ауылдық округі теңгеріміндегі бұл нысанды алдағы уақытта күрделі жөндеуден өткізіп, спорт мекемелерінің біріне беру жоспарда бар екен. Жалпы ауданымызда жастарға 8 олимпиадалық спорт түрі бойынша дәріс беріледі. Олардың ішінде байрақты бәсекелерде жүлде салып жүрген талантты спортшыларымыз да баршылық. Ал, спорттық нысандардың заман талабына сай жаңарып, жабдықталуы, көбеюі спортсүйер жастардың арта түсуіне септігін тигізері анық.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521