Мұғалімдер - алаңда

Өткен аптада Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің пән бәрлестіктері арасында «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен спорттың алты түрінен мектепішілік спартакиада өтті.

Бұл спорттық сайысқа білім ошағындағы пән бірлестіктері түгел қатысып, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, волейбол, баскетбол, гандбол ойындарынан бақтарын сынады. Дене тәрбиесі пәні бірлестігі мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен бұл сайыста ұжым мүшелері жоғары белсенділік танытты. Сайыс қорытындысында аудандық жарысқа қатысушы құрама команда іріктеліп шықты.

Асан Қалбанов, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521