Төрт боксшымыз аймақтық чемпионатқа барады

Жақында 2005-2006 жылдары туған кiшi жасөспiрiмдер арасында бокстан облыс чемпионаты болып өтті.

Аталған бәсекеге Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің боксшылары да қатысып, жетiстiктерге жеттi.

Атап айтар болсақ, шәкірттеріміз 30 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеген А.Хинекин мен 36 келіде мықты екендігін дәлелдеген М.Айдынғали 1-орындарды иеленіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ал, 50 келіде А.Әміржанұлы, 56 келі салмақта Ж.Ізбасарұлы 2-орындарды еншіледі. Сондай-ақ, 70 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Н.Насиболат 3-орынға қол жеткізді.

Осылайша 4 шәкiртiмiз облыс құрамасымен Батыс Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Алдағы чемпионатта да шәкірттерімізге сәттiлiк тiлеймiз.

Аманғали ӨТЕГЕНОВ,

Исатай БЖСМ-нің бокс бөлімінің жаттықтырушысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521