Таэквондашылар олжалы оралды

Мамыр айының 2-3 күндері таэквондодан Атырау қаласында облыстық іріктеу біріншілігі өтті.

2011-2012 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен біріншілікке қала және аудандардан барлығы 100-ден астам спортшы қатысты. Олардың қатарында Исатай ауданы, «Барыс» спорт клубының шәкірттері де бар. Байрақты бәсеке аудан спортшылары үшін нәтижелі болды. 

Атап айтқанда, ұлдар арасында 28 келі салмақ дәрежесінде Бекзат Қабдол, 32 келіде Бексұлтан Дүйсенбаев және қыздар арасында 36 келіде Айда Серік, 32 келіде Ләйлә Жанболатқызы іріктеу біріншілігінің қола жүлдесін иеленсе, қыздар арасында +40 келіде сынға түскен Асылзат Әмірғали жарыстың жеңімпазы атанып, ел біріншілігіне жолдама алды. 

6

Асылзат Әмірғали осыдан 3 жыл бұрын ел біріншілігінің қола жүлдесін еншілеген болатын. Сондай-ақ ол Исатай ауданынан тұңғыш шыққан таэквондашы қыз. Жерлесіміз осы жолғы ел чемпионатында да үздіктер қатарына енеді деген сенімдеміз. 

Спортшыларымыздың жаттықтырушылары Жарасқан Сағындықов және Ғалымжан Қалиев екенін де айта кеткен жөн.

Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

Әділбек СЫРЫМОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521