Атырау қаласында таэквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.
Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарынан 1000-ға жуық спортшылар бақ сынаған бәсекеде «БАРЫС» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірттері ішінен Әмірғали Асылзат (жаттықтырушысы Ғалымжан Қалиев) (Өркен орта мектебі) 34 келі салмақта қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, бұл - біздің аудан тарихында таэквондодан Қазақстан біріншілігіндегі алғашқы жүлде.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ