"Тағы да Месси". Барса шабуылшысы бәрінен үздік

Месси әлемнің үздік ойыншысы атанды Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Милан қаласында FIFA нұсқасы бойынша әлем үздіктері анықталды, деп жазады Prosports.kz.

Реклама «Ла Скала» опера театрына футбол әлемінің беделді тұлғалары жиналды. Футбол сүйер қауым сол жерге көз тіккен. Биылғы жылдың үздіктері кім? Осы сұрақтың жауабын алмаққа жиналған дүйім жұрт ең мықты футболшылардың кімдер екенін естіді. Маусымның үздік голы мен ең үздік жанкүйерлер де осы жерде анықталды. Олай болса, төмендегі кіл мықтылардың тізімін назарларыңызға ұсынамыз. Ең үздік ойыншы: Лионель Месси (Аргентина, «Барселона»).

Үздік қақпашы (ерлер): Алиссон (Бразилия, «Ливерпуль») Үздік жаттықтырушы (ерлер футболы): Юрген Клопп (Германия, «Ливерпуль») Үздік ойыншы (әйелдер): Меган Рапино (АҚШ, «Сиэттл Рейн») Үздік қақпашы (әйелдер): Сари ван Венендал (Нидерланд, «Арсенал» / «Атлетико» М) Үздік жаттықтырушы (әйелдер футболы):Жиль Эллис (Англия, АҚШ құрамасы) Ең әдемі гол (Пушкаш жүлдесі): Даниэль Жори (Венгрия, «Ференцварош» қақпасына соққан голы) Үздік жанкүйерлер (FIFA Fan Award): Сильвия Грекко және оның ұлы(«Палмейрас») Әйелдер арасындағы әлемнің символикалық құрамы: ван Венендал (қақпашы), Рено, Бронз, О'Хара, Фишер, Анри, Лавель, Эртц, Морган, Рапино, Марта.

Ерлер арасындағы әлемнің символикалық құрамы: Алиссон (қақпашы), де Лигт, Серхио Рамос, ван Дейк, Марсело (қорғаушылар), Модрич, Френки де Йонг, Мбаппе, Месси, Азар (шабуылшылар). Еске сала кетелік, 2018 жылы әлемнің үздік ойыншысы болып Хорватия және «Реал» клубының жартылай қорғаушысы Лука Модрич танылған еді. BAQ.KZ Фото: дереккөз

Фото: ашықдереккөзден.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика