Тартысты өткен республикалық турнир

Мамыр айының 5-9 күндері аралығында Ақтөбе қаласы, Мәртөк ауылында кикбоксингтен VI республикалық турнир өтті.

2006-2007, 2008-2009 жылы туған Кадеттер мен жасөспірімдер арасында өткен тартысты турнирге Исатай БЖСМ кикбоксинг бөлімінің шәкірттері де қатысып, нәтижелі орындарға қол жеткізді.

56b81cac-c29e-4bd6-8521-fcab2542fc13

Атап айтқанда, 2006-2007 жылы туған кадеттер арасында 42 келі салмақ дәрежесінде Дінмұхамед Қуанғали қола медальді қанағат тұтса, 48 келіде финалда ғана сүрінген Әбілмансұр Берік күміспен күптелді. Сондай-ақ 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында 30 келіде Жарасбек Қайнолла , 45 келіде Диас Боранбай қола медальді, және 54 келіде Бекарыс Мутин күміс медальді еншілесе, барлық кездесулерінде қарсыластарының осал тұсын тауып, мықтылығын мойындатқан Нұррахман Фархадұлы 27 келіде турнирдің жеңімпазы атанды.

466adad7-7593-4ef5-9eb7-78c39909f36a

- Жалпы шәкірттерімнің аяқалысы жаман емес. Күні-бүгінге дейінгі жетістіктері де көңілден шығады. Десе де босаңсуға еш болмайды, жаттығуды күшейтіп, шәкірттеріміздің бабын келістіруіміз қажет. Басты мақсатымыз - болашақта ел намысын абыроймен қорғайтын чемпиондарды тәрбиелеу, - дейді спортшыларымыздың жаттықтырушысы Руслан Хисмаев.

Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

 

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521