Тартысты өткен турнир

Жанбай ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен қазан айының 9-10 күндері көше-көшеге бөлінген ауыл жастары арасында футболдан турнир өтті.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған турнирге «Байтөбе», «Себектоп», «Водокачка», «Телевышка» және «Шанхай» атты көше атауларымен аталған 5 команда қатысты. Екі күнге созылған турнирдің жеңімпаздарын ауыл әкімі Дидар Есмұханов марапаттады.

b

Турнир нәтижесі бойынша «Үздік шабуылшы» аталымын Жандарбек Қалисов алса, «Үздік қақпашы» аталымына Ербол Салық, «Үздік қорғаушы» аталымына Досжан Тәжібай лайық деп танылды. Командалық есепте І орынды «Шанхай» көшесінің жастары, ІІ орынды «Шекарашылар», ІІІ орынды «Телевышка» көшесінің жастары иеленді. Жеңімпаз командаларға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ ауыл тұрғындары Аман Ибатов және Ерден Қапаровтар да ауыл спортының дамуына қосқан үлестері үшін ауыл әкімінің қолынан алғыс хатпен марапатталды.

3

- Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты – тәуелсіздігімізді мадақтау. Мүмкіндігіміз келгенше өзіміздің спортқа деген  оң көзқарасымызды жастарға көрсету керекпіз. Салауатты өмір салтын барынша насихаттау қажет, - дейді ауыл әкімі Д.Есмұханов.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521