Теннис: Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 16-ыншы, осы айтулы доданың 15-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен кортқа шықты.

Қазақстандық теннисші екі сетте 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 15 минутқа созылған матчта қарсыластар 4 реттен эйс жасады.

Е.Рыбакина 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Э.Мертенс сондай екі мүмкіндікті мүлт жіберді. 

Е.Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко немесе рейтингте 31-сатыда тұрған испаниялық Паула Бадосаның біреуімен таласады.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT