Токио-2020: Атыраулық дзюдошы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Паралимпиада ойындарында қазақ қоржыны тағы бір медальмен толықты.

Ақтық сынға шыққан атыраулық дзюдошы Дәулет Теміржан өзбекстандық Рио Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері  Саидов Ферузға есе жіберіп, Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Осылайша, ел қоржынына Паралимпиада ойындарының үшінші медаль түсіп отыр.

Айта кетейік, 73 келі салмақта белдескен жерлесіміз алғашқы кездесуінде әзірбайжандық Газимов Рамилді ұтса, ширек финалда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері және әлем чемпионатының жүлдегері, неміс Хоркас Николайдан басым түскен болатын. 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT