Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында 200 метр қашықтыққабрасс әдісімен жүзді, - деп хабарлайды Prosports.kz.
Баландин қашықтықты 2:08.99 минутта жүзіп өтіп, іріктеу кезеңінде өз сегіздігінде жетінші орын, жалпы есепте төртінші орын алды.
Ертең өтетін жартылай финалға жолдама алды. Финал 29 шілдеге жоспарланған.
Еске салайық, Рио-де-Жанейродағы өткен 2016 жылғы Олимпиадада Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алып, Олимпиада ойындарында жүзуден алтын медаль иеленген алғашқы қазақстандық болды.