Токио Олимпиадасы: Қазақстандық балуан жартылай финалға шықты

Еркін күрестен Токио Олимпиадасында бақ сынап жатқан отандасымыз Данияр Қайсанов жартылай финалға жолдама алды.

Ширек финалда мысырлық балуан Амр Ред Хуссенмен кездескен бозкілем шебері 8:5 есебімен жеңіске жетті.

Енді жартылай финалдық сында Данияр ресейлік екі дүркін әлем чемпионы Заурбек Сидаковпен жолығады.

Естеріңізге сала кетейік Данияр Қайсанов алғашқы айналымда жапон балуанынан басым түскен

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT