Токио Олимпиадасында спорттық гимнастикадан іріктеу турнирі аяқталып, финалға өткен спортшылардың есімдері белгілі болды.
Олардың қатарында қазақстандық Милад Карими де бар деп жазады Olympic.kz.
Милад Карими үш жаттығу бойынша финалға жолдама алды.
Ол гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша іріктеуде 14.766 ұпай жинап, екінші нәтиже көрсетті.