Туған елі қаламгерге құрмет көрсетті

6-7 наурыз күндері «БАРЫС» балалар жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының ұйымдастыруымен аймағымызға белгілі қаламгер, облыстық мәслихаттың екі шақырылым бойынша депутаты болған, аудандық газетте ұзақ жылдар басшылық еткен журналист Шапхат Хұсыновты еске алуға арналған баскетболдан 2002-2004 жылы туылған қыз балалар арасында облыстық турнир ұйымдастырылған болатын.

Жалпы, Индер, Жылой, Махамбет, Құрманғазы, Исатай, Мақат аудандары мен Атырау қаласынан келген командалар арасында шын мықтыны анықтамаққа талпынған сайыста «Үздік қорғаушы» болып Жылой командасының ойыншысы Айзада Қазмағанбетова, «Үздік шабуылшы» Исатай командасының ойыншысы Райхан Аққалиқызы, «Үздік ойын техникасы» үшін Құрманғазы командасының ойыншысы Индира Гумарова және жарыстың «Үздік ойыншы» болып Атырау командасының ойыншысы Милана Ульянова мараптатталды. Үздіктер арнайы дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жан алысып, жан беріскен ойын қорытындысында жалпы командалық ІІІ орынды Исатай ауданы, ІІ орынмен Жылой ауданы командасы , ал жарыс жеңімпазы болып Атырау қаласы командасы марапатталды. Шапхат Хұсыновтың замандас-құрдастары мен ұрпақтары демешілік еткен турнирдің жеңімпаздары ақшалай сыйақылар табысталды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521