Қуан Меңдіғалиевті еске алуға арналған турнир өтті

Аққыстау ауылының орталық спорт кешенінде волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ ойындарынан қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы Исатай аудандық филиалының ұйымдастыруымен бірнеше жыл Х.Нәубетов атындағы орта мектепте бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болған ардагер ұстаз, марқұм, Қуан Меңдіғалиевті еске алуға арналған турнир өтті.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелері мен белсенділерінің арасында салауатты өмір салты мен спортты насихаттауға негізделген қыздар арасындағы турнирге балабақша мен мектептерден және мектепке дейінгі қосымша білім беру мекемелерінен командалар қатысты.

Турнирде аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің басшысы Ерлан Ескендірұлы, қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы Исатай аудандық ұйымының төрайымы Қарлыға Дүзбаева, Қуан аға ұрпақтары атынан ұлы Дастан мен қызы Галина Меңдіғалиева сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командалар мен ойыншыларға ізгі лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Нәтижесінде волейболдан «Қырандар» командасы бірінші, «Ұландар» екінші, «Бөбектер» үшінші орындарға ие болды. Ал, шахматтан Сұлтангерей Бисенғалиев жеңімпаз атанса, Абай Хидуллин (Х.Нәубетов, Ю.Гагарин орта мектептерінен) екінші орынды еншіледі. Тоғызқұмалақтан Аругүл Бекболатова жеңіс тұғырына көтерілді. Толқын Әбілхайрова (Абай, Х.Нәубетов атындағы орта мектептерінен) екінші орынға ие болды. Турнир соңында Х. Нәубетов атындағы орта мектебі үш ойыншыға өз жүлделерін табыс етсе, Қуан Меңдіғалиев ұрпақтары үздік ойыншылар мен командаларды дипломдармен, медальдармен марапаттады.

Аяпберген САЛИХОВ,

Суреттерді түсірген Әбілмажан Шарапиденов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521