Үш палуан үмітті ақтады

Украина мемлекеті, Донецк қаласында дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында IV Халықаралық турнир болып өтті.

Аталған жарысқа Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Дағыстан, Ингушетия, Тәжікстан, Украина мемлекеттерінен 400-ге жуық палуан бақ сынасты.

dones

Бұл дүбірлі додада Атырау командасы сапынан Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен «Барыс» балалар жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубы палуандары өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ Исатай БЖСМ-нен Ерасыл Анесов пен Уалижан Арсен, «БАРЫС» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубынан Ерболат Нұрсәт өз салмақ дәрежелерінде қарсылас шақ келтірмей, турнир жеңімпаздары атанды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT