Ұстаздар командасы жеңімпаз атанды

Бүгін Исатай ауданында Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған аудандық спартакиада қорытындыланды.

Аудан әкімдігі, Зинеден, Нарын, Жанбай, Тұщықұдық, Қамысқала ауылдық округтері мен аудандық білім бөлімі командалары бақ сынаған аудандық спартакиада бүгін өз мәресіне жетті.

Ел Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналып екі күнге созылған жарыста командалар волейбол, футзал, үстел теннисі, дойбы, арқан тартыс секілді спорт түрлерінен сынға түсті.

Қорытындыда командалық есепте аудандық білім бөлімі құрамасы көш бастап, аудандық спартакиаданың жеңімпазы атанды.

Серікбол БЕРІКБАЙ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT