Өзбекстаннан жеткен ақжолтай хабар!

25-27 сәуір күндері аралығында Өзбекстан елінің Самарқанд қаласында армрестлингтен және пара-армрестлингтен Азия чемионаты өтті.

Әр мемлекеттен қол күресінің шеберлері қатысқан байрақты бәсекеде кешегі күні ауданымыздан 4 спортшы бақ сынап, барлығы да нәтижелі орындарға қол жеткізді.

Атап айтар болсақ, балуанға оң-солы бір дегендей, армрестлингтен ардагерлер арасында мықтылық танытқан Алмагүл Қанатова және пара-армрестлингтен ерлер арасында Аслан Қайрушев оң және сол қолдарынан да Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ пара-армрестлингтен әйелдер арасында өнер көрсеткен Әсия Нәбиева оң қолдан күміс жүлдені иеленсе,  ерлер арасында Сәтбек Төлебаев оң қолдан алтын, сол қолдан күміс медальды еншіледі.

77eeff9a-073d-4db1-bdaf-528db28478be

Осылайша, жерлестеріміз ел намысы сынға түскен додада кезекті мәрте атой салып,  ел мерейін үстем қылды. Спортшыларымызды ендігі кезекте Түрік елінде өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр.

«Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мүгедектердің спорттық клубы» КМК-ның Исатай ауданындағы өкілі Роллан Қадыржанов екенін айта кеткен жөн.

Кезекті жеңіс құтты болсын, жерлестер!

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521