Волейболдан республикалық кезеңге жолдама алды

Атырау қаласында 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасындағы аудандық ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтіп жатыр.

Ақпан айының 14-не дейін жалғасады. Оқушылар баскетбол, волейбол, гандбол, футзал, шахмат, футбол, асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, президенттік көпсайыс сынды спорттың 11 түрінен сынға түсуде.

Әзірге нәтиже жаман емес, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің 5-6 сынып оқушылары волейболдан қыздар арасында I орынды жеңіп алды. Асланбек Аронов, Қуанғали Зейінғалиев, Серік Темірхан сынды бапкерлер жаттықтырған «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірттері аталған сайыстың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Айта кетейік, ұлттық мектеп лигасының аудандық кезеңі өткен жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында өтіп, ауданнан Х.Нәубетов, Ж.Мырзағалиев атындағы және Аққыстау орта мектептерінің командалары іріктеліп, облыстық кезеңге жолдама алған болатын.

Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT