Ыстықкөлден жеткен сүйінші хабар!

Маусымның 17-19 күндері аралығында Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл қаласында жастар арасында дзюдодан №6 Халықаралық спорт фестивалі өтті.

Аталған жарысқа әлемнің көптеген елдерінен 500-ге жуық спортшы бақ сынады.

Соның ішінде Исатай ауданынан қатысқан Нұрасыл Анесов 66 келі салмақ бойынша 5 кездесу өткізіп, айқын басымдылықпен І орынды жеңіп алса, оның сыңары Ерасыл Анесов 60 келі салмақ дәрежесінде күресіп ІІІ орынды иеленді.

Екі спортшы да қазір Атырау қаласындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде облыстың аға жаттықтырушысы Болат Жұмабаевтың қарамағында жаттығады.

- Екі спортшының екеуі де бұған дейін көптеген жарыстардан орын алып, облыстың атын шығарып жүр. Бұл біріншіден ұстаздың еңбегі болса, екіншіден оларға қолдау көрсетіп отырған ата-анасының арқасы. Өйткені, бұл спортшылардың отбасы түгелдей спортқа жақын жандар. Анасы Алмагүл Қанатова қолкүресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Шәкірттерімнің жеңіске жетіп, чемпион болғаны бәрінен бұрын өзіме мақтаныш, - дейді Нұрасыл мен Ерасылдың алғашқы бапкері Берік Хамзин.

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521