Зарина Халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

12-21 қыркүйек күндері Ресейдің Челябинск қаласында халықаралық гроссмейстер В.Панченконы еске алуға арналған ірі халықаралық шахмат турнирі өтті.

Оған қатысқан 57 шахматшының ішінде 6 гроссмейстер, 30 халықаралық дәрежелі шеберлер бар.

Әйелдер арасындағы Ресей кубогының кезекті кезеңі болып есептелетін жарыста атыраулық шахматшы қыз Зарина Нұрғалиева 13 жасқа дейінгі қыздар арасында жеңімпаз атанды.

Зарина ФИДЕ рейтингінде 140 сатыға көтеріп, 1950 ұпайға қол жеткізді. Алда тұрған басты мақсат - Санкт-Петербург және Ташкент қалаларында өткізілетін ірі халықаралық фестивальдерге қатысып, рейтингін 2100-ге жеткізу.

Бұл ФИДЕ шебері нормативінің деңгейі.  

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521