Жүз оқушы жүгірді

Өткен сәрсенбіде балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының ұйымдастыруымен Аққыстау ауылының орталық алаңында Жастар жылын насихаттау аясында мектеп оқушылары арасында аудандық «Қысқы кросс» сайысы болып өтті.

Сайысқа ауданның 10 орта мектебінен барлығы 100 оқушы қатысты. Жүгірісте белсенділік танытып топ басында келген оқушылар арнайы дипломдар мен медальдарға ие болды. Атап айтар болсақ, ұлдар арасында Х.Нәубетов атындағы орта мектеп оқушысы Мирас Сағынғалиев мәреге бірінші болып жетіп, сайыс жеңімпазы атанса, Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектеп шәкірті Диас Мақсотов екінші орын иеленді. Ал, Аққыстау орта мектебінен қатысқан жас спортшылардың бірі Шаттан Қайырлы үздік үштікті қорытындылады. Қыздар арасындағы сында бірінші орынға Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектептен келген Шынар Тастайқызы қол жеткізді. Өркен орта мектебінің оқушылары Маржан Ниғмет екінші, Мадина Жоламанова үшінші орындарға ие болды.

Жарыстың марапаттау салтанатына ауылдық округ әкімінің орынбасары Ақжол Елеубаев, ақпараттық-талдау орталығының аудандық діни бірлестіктермен жұмыс және аудандық жұмыстарды үйлестіру бөлімінің бас маманы Ерболат Насимуллин, «Барыс» балалар жасөспірімдер дене шынықтыру-даярлық клубының директоры Асхат Жұмабеков және ардагер ұстаз Талғат Қожасов қатысты.

Жастар жылының маңыздылығына тоқталған ардагер ұстаздар Мемлекет басшысының спорттың бұқаралылығын арттыру жөнінде жүктеген міндеттерін тілге тиек етіп, жастарды спортты әрдайым серік қылып, салауатты өмір салтын берік ұстауға шақырды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ,

Суретті түсірген:

Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521