Жанбай волейболшылары жеңімпаз атанды

Исатай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған ерлер арасында волейболдан аудандық ашық турнир өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арманбек Махмутов көпшілікті мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұл тілекті жалғаған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ботагөз Құлғалиева да ауыл командаларына жігерлендіріп, жиылғандарға жылы лебізін арнады. Ал, ардагер спортшы Ерболат Насимуллин ауданымызда волейболдан ерлер турнирлерінің көптен бері ұйымдастырылып тұрғанын айтып қалды.

boleij

– Кезінде біздің ауданның волейболдан ерлер құрамасы басқалар санасатын, қарсыласты қаймықтыратындай қауқары бар команда болды. Соңғы кездері ерлер мен қыздардың аралас командалары шыққалы жігіттеріміз волейболды оқсатып жүр дей алмаймыз. Ал, бүгін ерлер арасындағы сынның куәсі болып отырмыз. Осындай шаралар көптеу ұйымдастырылса, жігіттерімізді шыңдай түсер еді, - дейді ардагер ұстаз.

boleibs

Ауылдық округтерден 7 команда сынға түскен жарыста Жанбай құрамасы бірінші, Тұщықұдық командасы екінші орындарды еншілесе, зинедендіктер үшінші орынды қанағат тұтты.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521