Жанбай жеңімпаз атанды

Футболдан Исатай ауданының біріншілігі өз мәресіне жетті.

Ойынның соңғы күні аққыстаулықтар Зинеден құрамасымен кездесіп, үшінші орынды өзара сарапқа салған болатын. Ә дегеннен зинедендіктер алаң иелеріне қысымды күшейткенімен, аққыстаулықтар да қарымта шабуылға шығып, қарсылық танытып жатты. Дегенмен, физикалық жағынан мығым ойыншылардан құралған Зинеден командасы бірінші болып есеп ашып, құрамға үміт сыйлады. Екінші таймда есеп еселене түсті.

Ойын соңына дейін нәтижені өзгерте алмаған Аққыстау құрамасы жеңілісін мойындауға мәжбүр болды. Естеріңізде болса, бұған дейін де бір топтан шыққан қос команда арасында тартысты ойын өтіп, алаң иелері жеңіске жеткен болатын. Сол кездесуде зинедендіктер төреліктің әділ болмағанын да айтып, дабыл қаққан. Бұл жолы бәрі керісінше болып, Зинеден құрамасы үшінші орынды иеленді.

janbaifut

Ақтық сында Жанбай мен Исатай құрамалары жолықты. Ойын тағдырын жанбайлықтар соққан бір доп шешті. Есеп - 1:0, Жанбай аудандық біріншілік чемпионы атанды. Ал, ерекше қарқын танытып, жеңіске деген жігермен финалға дейін өткен исатайлықтар екінші орынды еншіледі.

Жалпы жарыс қалай өтті? Оның өту барысы, ұйымдастыру деңгейі, командалардың әлеуеті қалай? Бұл жайлы толығырақ аудандық газеттің алдағы санына жариялайтын боламыз.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521