Желтоқсан айының 5-8 күндері аралығында ШҚО Өскемен қаласында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер және жастар арасында «Жас Барыс» республикалық турнирі өтті.
Турнирге еліміздің барлық облысынан 500-ге тарта спортшы қатысып, өзара кіл мықтыларды анықтады. Олардың қатарында исатайлық палуандар да бар. 3 күнге созылған байрақты бәсекенің нәтижесінде 2006-2007 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында жерлестеріміз 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Олжас Сапарғали күміс жүлдеге қол жеткізсе, 42 келіде Ғайнеден Дидархан турнирдің қола жүлдесін қанжығаға байлады.
Спортшыларымыздың жаттықтырушылары Үмбет Мұсағалиев және Тұрар Ризуанов екенін де айта кеткен жөн.
Жеңіс құтты болсын, жерлестер!
Әділбек СЫРЫМОВ