Жас динамошылар жүлдені жиып келді

Атырау қаласында облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен 2007-2013 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында таэквондодан аймақтық ашық турнир өтті.

Қала, облысқа қарасты 7 аудан және Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының спортшылары қатысқан турнир Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық торқалы тойына арналды.

Кіл мықтылар іріктелген жарысқа Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері де қатысып, жүлделерді жиып қайтты.

Нақтырақ айтсақ, 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында Нұрхан Әділбек ақтық сында ғана қарсыласына есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдесін иеленсе, Аманбек Сағын, Алдияр Бақытжан, Амир Зинолла, Нұрбала Амангелді, Ерден Мараттар өз салмақ көрсеткіштері бойынша қола жүлдеге қол жеткізді.

- Турнирге 200-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады. Шәкірттерім жас болса да, білгендерінен жаңылған жоқ. Боз кілемде барын салып, қарсыластарына есе жібермеуге тырысып бақты. Нәтижеміз де жаман емес, 1 күміс, 5 қоламен оралдық. Жалпы шәкірттерімнің аяқ алысы жақсы, болашақтарынан үмітім зор, - дейді спортшылардың жаттықтырушысы Айбол Жолдасов.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT