Ақпан айының 21-23-і күндері аралығы Нұр-Сұлтан қаласында дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында халықаралық турнирі болып өтті.
2006-2007, 2008-2009 жылдары туған жасөспірім ұлдар және 2005-2009 жылдары дүниеге келген қыздар арасында өткен «ORDA II» турнирінде Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерімен қатар, Қазақстанның барлық облыстарынан 1000-нан астам спортшы бақ сынады.
Аталған бәсекеде «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірттері де сынға түсіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, Жұмажан Інжу (30 келіде) мен Жанболат Алмаз (50 келіде) ІІ орындарды еншілесе, Қадыр Нұрзила (63 келіде), Амангелді Шахида (48 келіде), Ғайнеден Дидархан (34 келіде), Мирас Райымбекұлы (34 келіде) ІІІ орындарды иеленді.
Жас палуандарымыздың жаттықтырушылары - Эльдар Сатанов, Тұрар Ризуанов, Асланбек Құзыров.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ