23 ақпан күні Атырау қаласында 14-15, 16-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында «Жас мерген» облыстық біріншілігі өтті.
Жарысқа Атырау қаласы, Құрманғазы, Индер, Қызылқоға, Махамбет, Индер, Мақат, Жылыой, Исатай аудандары командаларынан 32 оқушы қатысып, нәтижесінде, 16-17 жас мөлшері бойынша сынға түскен «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірті, Аққыстау орта мектебінің оқушысы Ғабит Ершат І-орынды жеңіп алды.
Бауыржан Қадиров пен Ермек Жұмалиев сынды бапкерлер дайындаған жас мерген, болашағынан үлкен үміт күттіреді.