Жас отбасылар өзара сынға түсті

Бүгін ауданда отбасы күніне орай жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Менің отбасым» тақырыбында жас отбасылар арасында мәдени-спорттық байқау өтті.

Аталған байқауға аудан көлемінен 4 отбасы қатысып, сегіз бөлімнен тұратын сайыста өздерін жан-жақты көрсете білді. Бірі жүгіріп-секіруден жоғары нәтиже көрсетсе, бірі ас дайындаудан, бірі өнерден, бірі логикалық сұрақтарға жауап беруде алға шығып жатты. Сайыс қорытындысында әділқазылардың шешімімен Тұщықұдық ауылдық округінен Сатановтар әулеті мен Х.Ерғалиев ауылынан қатысқан Бауыржановтар отбасы алғыс хаттармен марапатталса, Аққыстау ауылы атынан шыққан Ермұхановтар әулеті мен Қалиевтер отбасы байрақты екінші орын мен бірінші орынды бөлісіп ерекшеленді.

Айта кетейік, отбасы атаулы күніне орай жастардың бір күнін мәнді ғып өткізуге бағытында өткен шараға қатысқан жас отбасылардың бәрі орталық атынан заттай сыйлықтарға ие болды.

А.ҚҰСАЙЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521