Жасөспірімдер жүлдемен оралды

Жақында дзюдо күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Төлеби ауданында республикалық ашық турнир болып өтті.

Жарысқа Семей, Ақтөбе, Атырау, Шымкент қалаларынан және Түркістан облысынан 400-ден астам палуан қатысты. Біріншілікте «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірттері бақ сынады. Нәтижесінде Мұхаммед Мұратов (Исатай о/м) +55 келі салмақта І орын, Інжу Жұмажан (Ю.Гагарин о/м) 26 келі салмақта І орын, Аяулым Русланқызы (Исатай о/м) +48 келі салмақта ІІ орын, Мирас Райымбекұлы (Х.Нәубетов о/м) 32 келі салмақта ІІІ орын, Дидархан Ғайнеден (Исатай о/м) 29 келі салмақта ІІІ орын, Нұрзила Қадыр (Исатай о/м) +48 келі салмақта ІІІ орын, Назерке Мендешова (Х.Нәубетов о/м) +48 келі салмақта ІІІ орындармен оралды.

Тұрар РИЗУАНОВ, Асланбек КУЗЫРОВ,

жаттықтырушылар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521