Жас таэквондошылар жарады

Алматы қаласында таэквондодан жасөспірімдер, кадеттер, жеткіншек ұл-қыздар арасында «Жеңіс» таэквондо кәсіби спорт клубының кубогі» ашық республикалық турнирі ұйымдастырылды.

Аталған жарысқа еліміздің 14 облысынан және Өзбекстан мемлекетінен спортшылар қатысты. Атырау облысынан 20 спортшы сынға түссе, соның ішінде Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің Айбол Жолдасов жаттықтыратын жас таэквондошылары өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, 61 келі салмақ дәрежесінде Нұрлан Нұрасыл екінші орын еншілесе, 26 келіде Сағын Аманбек пен 23 келі салмақта Рүстемұлы Нұрмұхаммед үшінші орындарды қанағат тұтты. Аталған спорт түрі Исатай БЖСМ-де биыл ғана ашылғанын ескерсек, бұл көңіл қуантарлық жетістік.

Шәкірттерді жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда үлкен жетістіктерге жетіп, биік шындардан көріне берулеріне тілек білдіреміз.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521