Гимназиададан жетістіктер бар

Атырау қаласында 2005-2006 ж.т. оқушылар арасында облыстық ХІ жазғы гимназиадасы 29 спорт түрінен өтуде. Екі жылда бір өтетін додаға "Барыс" спорт клубының жасақтаған аудан құрама командасы да жоғары нәтижелерге қол жеткізе бастады.

Ақпанда басталған спорттық сайыстар сәуір айына дейін жалғасады. Жеңімпаз атанған оқушылар республикалық кезеңге аттанатын облыстық құрама команданың сапында өнер көрсететін болады.

Қазіргі таңда аудан құрамасы гандболдан ІІ орын, қазақ күресінен командалық есепте ұлдар І орын, қыздар ІІ орынды иеленді. +82 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Мұхаммед Мұратов және қыздар арасында 60 келіде күрескен Шахида Амангелдіқызы мен +65 келі салмақта өнер көрсеткен Нұрзила Қадыр республикалық кезеңге жолдама алды.  Самбо күресінен ауданымыздың ұлдар мен қыздар командалары да ІІ орынға тұрақтады. Нұрзила Қадыр самбо күресінен де республикалық кезеңде бақ сынайды. 

f

Сондай-ақ үстел теннисінен Бейбарыс Оспан, секіргішпен секіруден Ернұр Қуандықұлы, бес асықтан Ақекрке Амангелдіқызы мен Айсана Серікқызы республикалық кезеңге жолдама алды.  

Айта кетейік, алда әлі спорттың грек-рим және еркін күрес, белбеу күресі, жартасқа өрмелеу, дзюдо, шахмат, тоғыз құмалақ, таэквандо, бокс, бадминтон, каратэ-до, футзал, президенттік көпсайыс, спорттық бағдарлау, волейбол, суда жүзу сынды түрлерінен жарыстар жалғасады.

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT