Жерлестеріміз Азия біріншілігінде ел намысын қорғайды

Наурыз айының 14-18 күндері аралығында Алматы облысы, Талғар ауданында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында пара-армрестлингтен және ардагерлер арасында армрестлингтен ҚР чемпионаты өтуде.

Еліміздің әр өңірінен жиналған қол күресінің шеберлері қатысқан байрақты бәсекеде кешегі күні ауданымыздан 5 спортшы бақ сынап, барлығы да жүлделі орынға қол жеткізді.

5d928e31-0b63-4455-aba8-b412062317f6

Атап айтар болсақ, армрестлингтен ардагерлер арасында өз салмақ дәрежелерінде мықтылықтарын танытқан Алмагүл Қанатова чемпионаттың күміс жүлдесін, Жанаргүл Мұханбетова қола жүлдесін еншіледі. Сондай-ақ пара-армрестлингтен ересектер арасында Аслан Қайрушев чемпионаттың жеңімпазы атанса, Әсия Нәбиева қола жүлдені, жастар арасында Сәтбек Төлебаев күміс жүлдені қанжығаға байлады.

f76421e7-b86b-4788-924e-a97c81918040

Елдік доданың нәтижесінде жастар арасында сынға түскен Сәтбек Төлебаевты есептемегенде қалған төрт жерлесіміз сәуір айының 22-30 күндері аралығында Өзбекстан мемлекетінде өтетін Азия біріншілігіне жолдама алды.

«Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мүгедектердің спорттық клубы» КМК-ның Исатай аудандағы өкілі Роллан Қадыржанов екенін айта кеткен жөн.

Жерлестерімізді кезекті жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы Азия біріншілігінен ақжолтай хабармен оралуларын тілейміз.

Айта кетейік, ҚР чемпионаты әлі жалғасуда.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT