«Зияткер» мектеп-лицей-интернатының оқушылары параспортшылармен кездесті

Атырауда «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында жастардың параспортшылармен кездесу кеші өтті, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға паралимпиада ойындарында ел намысын қорғаған Ануар Сариев пен Ерлан Утепов және ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Жандос Қиянов қатысты.

Шара меймандары жиналғандарға патриоттық рух, отансүйгіштік сынды тақырыптарда ой қозғады. Оқушылар параспортшылармен еркін форматта әңгімелесіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.

- Бүгін параспортышлармен кездесіп, еркін форматта әңгімелестік. Олардың балалық шағы және спортқа қалай келгендігін білдік. Өңіріміздегі спортшылардың осындай жетістікке жетуі бізге үлкен жігер береді,- деді 10 «б» сынып оқушысы Бақыт Сембай.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521