Зүлфия Чиншанло ел қоржынына үшінші қола медаль салды

Қазақстандық зілтемірші Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасында 55 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды, -  деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасында Қазақстан атынан қатысып жатқан жалғыз спортшымыз жұлқа көтеруде 90 келіні еңсеріп, тоғыз спортшы арасынан жетінші орыннан көрінді. Ал серпе көтеруде 123 келіні бағындырды.

Қос жаттығу нәтижесі бойынша 213 келіні көтерген Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасында үшінші орын алды.

Еске сала кетейік, кеше қазақстандық ауыратлет Игорь Сон қола медаль тақты. Ал оның алдында дзюдошы Елдос Сметов те жарыста үздіктер қатарынан табылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521