Ескерткіштер ел тарихынан сыр шертеді

Күні кеше, сәуірдің 18-інде Ескерткіштер мен тарихи орындардың халықаралық күні аталып өтті.

Мұның өзі, ескірмейтін ескерткіштердің өзіндік орны ерекшелігінің айғағы іспетті. Жалпы ескерткіш деген сөз - елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы делінеді. Ортақ типологиялық белгілері бойынша олар негізгі төрт түрге бөлінеді: археологиялық, тарихи, сәулет өнері және монументтік (мүсін) өнері ескерткіштері.

Сондай-ақ, ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады дейді мамандар. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіші, жазба ескерткіш, өнер ескерткіші, сәулет ескерткіші, археологиялық ескерткіш, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіші, діни ескерткіш, т.б. деп те түрліше жіктеледі. Мәселен, адам қабірінің басындағы оба, қорған, сондай-ақ, сақ дәуірінен, көне түркі, қыпшақтар кезеңінен жеткен тас мүсіндер, сынтас, сартас, құлпытас, қойтас, үштас, бестас, сағана, төртқұлақ, кесене сияқты археологиялық және сәулет ескерткіштері — ең алғашқы ескерткіш түрлері қатарына жатады. Бұдан ескерткіштер ел мен жердің көнедегі көзіндей көрінетінін аңдайсың. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мемлекеттік деңгейдегі шара болып табылатыны және өскелең ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігін құрайтыны да көп жайттан хабар береді.

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәліметтерде еліміздің батыс аймағында 300-ден астам тарихи-мәдени ескерткіштер тіркелгені келтіріледі. Олардың арасында Маңғыстаудың оңтүстік бөлігінде орналасқан Шопан-Ата жер асты мешіті, Қараман-Ата ескерткіші бар. Атырау облысы, Индер ауданы, Индер поселкесінен оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым қашықтықта орналасқан Қаройдағы Махамбеттің мазарын да қазір көп жұрт біледі.

 

Материалдың толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT