БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады

Зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы ақпарат тарауда. Бұл шындыққа жанаспайды.

Еске саламыз, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi. Айырма сомасы (мемлекеттік кепілдік) – мемлекеттік бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы. Салымшылар мемлекеттік кепілдік бойынша төлем алу құқығына зейнеткерлік жасқа толған кезде ие болады. Бұдан басқа, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жағдайда І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар жандар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен айырма сомасын алуға құқылы. Сонымен қатар мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға құқылы азамат қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері де айырма сомасын ала алады. Мемлекет кепілдігі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жергілікті «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығына» жүгіну керек. Мұнда арнайы әдістеме бойынша салымшының зейнетақы жинақтарының сомасы оның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып есептеледі және енгізілген жарналардың сомасымен салыстырылады. Егер жинақтарының табыстылығы инфляциядан төмен болса, айырма сомасы біржолғы өтемақы ретінде алушының банк шотына аударылады. Қор барлық салымшылар мен алушыларды әлеуметтік желілер арқылы таратылатын әр түрлі хабарламаларға сын көзбен қарап, тек ресми ақпарат көзінен алынған ақпараттарға ғана сену керектігін ескертеді.

Т.Х.Рахметова,

«БЖЗҚ» АҚ АОФ Аққыстау қызмет көрсету орталығы операциялық бөлімінің бастығы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521