Полиция бөлімшесінің пәрмені нешік?

Өткен жылы Жанбай ауылында ашылған полиция бөлімшесі бүгіндері Жанбай, Забурын, Нарын, Исатай ауылдарына қызмет етеді.

Ал оның пәрмені қандай? Мәселен, бұрын Жанбайда заңсыз балық аулаудан бөлек, мал ұрлығы да жиі тіркелетін. Енді, оның алдын алуда біраз жұмыстар қолға алынып жатқанға ұқсайды. Бөлімше басшысы Жұмагелді Хангереевтің айтуынша, қарауындағы төрт елді мекенде де құқық бұзушылық біршама азайған. Полиция бөлімшесіне биыл құқық бұзушылықтың 13 фактісі тіркелген, оның - 8-і ашылыпты.

Сондай-ақ, ұрлық жасау, қоғамдық орындарда темекі тарту, адамдардың тыныштығын бұзу секілді құқық бұзушылықтар көрсеткіштері алдыңғы жылға қарағанда едәуір төмендеген. Атқарылған істі айтсақ, биыл құқық бұзушылық жасаған 108 адам жауапкершіліке тартылса, 15 адам профилактикалық есепке алынған. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 383-бабы бойынша 5 адамға 60125 теңгенің айыппұлы салынуы да осы жылдың еншісінде. Сонымен бірге, заңсыз балық аулаудың алдын алу бағытында 6 мотокөлік, 10 суда жүзу құралдары тәркіленген.

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521